"Құдалық пен сырға салу өтті. Бірақ әпкем тойға бір ай қалғанда жол апатынан қайтыс болды. Енді үйленуге сөз байласқан жігіт құлағына таққан сырға мен құдалықтың ақшасын және қалың малды қайтарып беруді сұрап жатыр. Жігіттің анасы, балам басқа қыз алады соған керек дейді. Олар 1 миллион берген. Енді осыны қайтарып алатындай құқықтары бар ма? Біз ол ақшаға қыздың жүгін алған едік. Тек жиҺазға 900 000 теңге кетті", - дейді есімін құпия ұстаған бойжеткен.Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. "Қайғыдан қан жұтып отырған үйге барлығы келіп сол ақшаны алып кетсін", "Құдай әпкеңді осылай сақтаған ғой...", "Қайтыс болған адамның сырғасын жаңа келінге таға ма?", "Жігіт жақ майдаланып кеткен екен", "Қайтар десе қайтару керек, әпкеңнің мойнына қары болып ілінеді", "Жігіт шын ғашық болмаған ғой", "Қаражат жағынан қарайтын болсақ қайтаруы керек. Қыз ол үйге келін болып түскен жоқ. Ал адамгершілік тұрғысынан алсақ, жігіт жақ ұят тірлік істеп отыр", - деп жазды жұрт.
"Қайтыс болған әпкеңе берген сырға мен қалың малды қайтар": Желіде алыс-берісті даулағандардың оқиғасы тарады
12.09.2024
311
Ел ішінде қалың мал мен құдалықтағы алыс-беріс дауы қанша ғасыр өтсе де өзектілігін жоймай келеді. Осы орайда әлеуметтік желіде құдалар арасында туған тағы бір дау тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
ТикТок желісінде халықтан көмек сұрай жазған желі қолданушысы болмай қалған құдалардың әрекеті не бұрыс, не дұрыс екенін білмей жүргендерін айтты.
-
Астанада 14 жастағы жасөспірім көлік тізгіндеп, полициядан қашқан (ВИДЕО)09:39, 03 апреля 2026
-
«Жалған нөмір, қарсы жолақ»: Алматыда жүргізушілер жаппай ұсталды09:27, 03 апреля 2026
-
«Күнде жарқыл, аспанда метеор»: 3 сәуірде не болады?09:15, 03 апреля 2026
-
«Менен үміт үзбеңіздер»: әнші Qarakesek көше тазалап жүр07:10, 03 апреля 2026
-
-
Астанада 14 жастағы жасөспірім Tesla тізгіндеп, полициядан қашпақ болған03:00, 03 апреля 2026
-
Ақмолада ер адам қызды зорлап, денесін дәретханаға тастаған00:00, 03 апреля 2026
-
Кедейлік күшейіп барады: миллионға жуық қазақстандық күнкөріс шегінен төмен өмір сүреді17:55, 02 апреля 2026
-
150 мың теңгеге қандай смартфон алуға болады?17:41, 02 апреля 2026
-
Жоғарғы сот: жалдау ақысын төлемегендерді сот арқылы шығаруға болады17:33, 02 апреля 2026