Есірткіні заңсыз сақтады деп айыпталған рэпер Qarakesek (Омар Амантаев) сот шешімімен белгіленген қоғамдық жұмысын атқарып жүр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Журналист Ардақ Ерубаеваның әлеуметтік желідегі парақшасында тараған видеода өнер иесінің көшелерді сыпырып, аялдамаларды тазалап жүргені байқалады.
Журналистке берген сұхбатында рэпер Qarakesek өзіне қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.
«Мені қиын кезде қолдағандарға алғыс айтамын. Менен үміт үзбеңіздер. Менің қателігімді қайталамаңыздаршы. Аман болыңыздар», - деді ол
Айта кетейік, бұған дейін сот шешімімен Омар Амантаевқа (Qarakesek) қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалғаны хабарланған болатын.