«950 миллион доллар тігілді»: Ошакбаев мұнай бағасының неліктен құбылғанын түсіндірді

«950 миллион доллар тігілді»: Ошакбаев мұнай бағасының неліктен құбылғанын түсіндірді

Белгілі экономист Рахым Ошақбаев мұнай нарығындағы соңғы құбылыстар мен геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізер әсері туралы өз ойын білдірді. Freedom Inside форумы аясында берген сұхбатында ол қара алтын бағасының өсуі еліміз үшін тұрақты пайда әкелмейтінін, керісінше, жаһандық инфляцияны қоздырып, экономиканы тежеуі мүмкін екенін ескертті деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Экономистің пайымдауынша, қазіргі уақытта мұнай бағасы негізсіз жоғары деңгейде тұр. Бұған Таяу Шығыстағы соғыс отының өршуі мен оның қашан аяқталары белгісіз екендігі басты себеп болып отыр. Ошақбаев бұл жағдайды халықаралық деңгейдегі саяси ойындармен байланыстырады.

«Қазіргі мұнай бағасы ақылға сыйымсыз жоғары. Бұл — Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен сондағы белгісіздіктің салдары екені анық. Біз Трамп әкімшілігінің бұл жағдайды өз пайдасына жаратып, инсайдерлік ақпаратпен сауда жасап отырғанын көріп отырмыз. Бітімгершілік жарияланбас бұрын біреулер мұнай бағасының төмендеуіне 950 миллион доллар тігіп, соның арқасында орасан зор пайда тапты. Бұл — өте өрескел жайт», — деп мәлімдеді Рахым Ошақбаев.

Маманның пікірінше, мұндай жасанды құбылыстар нарықтың тұрақсыздығын көрсетеді және Қазақстан сияқты шикізатқа тәуелді елдер үшін ұзақ мерзімді келешекте қауіпті болуы мүмкін.

Все новости