Қостанай қаласының перинаталдық орталығында салмағы жеті келіге жуық, бойы 60 сантиметрден асатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Жаңа туған сәбиге ата-анасы Рауан деген есім берді, ол жас қостанайлықтардың отбасындағы үшінші бала. Үйде үш жасар егіз әпкелері інісін күтіп отыр.
«Мұндай жүктілік мамандардан ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Баланың анасы БАҚ өкілдеріне аты-жөнін айтқысы келмеді, дегенмен перинаталдық орталық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі, өзіне және ұлына қамқорлық танытқаны үшін алғысын білдірді», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Фотосуретте жаңа туған нәрестені Қостанай перинаталдық орталығының акушері Светлана Борисова көтеріп тұр.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру