Қайтарылған есе: Бивол абсолютті чемпион атанды

Ресейлік Дмитрий Бивол Эр-Риядта өткен титулдық жекпе-жекте ресейлік-канадалық боксшы Артур Бетербиевті жеңді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп.

Боксшылар арасындағы кездесу Сауд Арабиясының астанасында өткен турнирдің басты жекпе-жегі болды. Жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы (79,4 кг-ға дейін) сарапқа салынды.

Бұл атаққа Бетербиев 2024 жылғы қазан айындағы бірінші кездесуде Биволды төрешілер шешіммен жеңіп, қол жеткізген еді. Реванш 12 раундқа созылып, өте тартысты өтті. Жекпе-жектің соңында Бивол сол жақ қабағынан жарақат алып қалды. Нәтижесінде ресейлік боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (114:114, 116:112, 115:113). Төрешілердің басым бөлігі оны жеңіске лайық деп тапқан.

Осылайша, 34 жастағы Бивол жартылай ауыр салмақтағы әлемнің жаңа абсолютті чемпионы атанып, кәсіпқой мансабындағы 24-жеңісін (12-ін нокаутпен жеңген) тойлауда. Ал Бетербиев кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліс тапты. 40 жастағы боксшы бұған дейін 21 кездесу өткізіп (20-ы нокаутпен жеңген) бәрінде жеңіске жеткен болатын.