Павлодар облысының Успен ауданында «БИК» ШҚ инвестиция сомасы 3,1 млрд теңгеге 20 жаңа жұмыс орнын құратын 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жобасын іске асыруда.
Бас прокуратураның мәліметінше, бүгінгі таңда кәсіпкер жобаға шамамен 1 млрд теңге өз қаражатын салған. Алайда, нысанды салу кезінде инвестор мемлекеттік қарыз алу проблемасына тап болды.
«Осыған байланысты аудан прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырды, онда инвесторға кредитті ресімдеу және қажетті құжаттарды жинау мәселелері бойынша жәрдем көрсетілді.
Нәтижесінде шаруа қожалығына 500 млн теңге сомасында кредиттік қаражат берілді (бірінші транш)», — деп жазды бақылаушы органнан.
Осы ақшаға инвестор Ресейден және Еуропа елдерінен қажетті құрылыс материалдарын сатып алуды жоспарлап отыр.
ПІКІР ЖАЗУ