20 қазанда әлеуметтік желілерде оқушы қыздардың мұғалімге шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Қыздардың анасына айыппұл салынып, тәртіптік жауапқа тартылды, деп жазады Ozgeris.info Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, төбелес 7 қазан күні Өзбекстанның Сырдария облысының №2 мектебінде болған. Бейнежазбада екі оқушының мұғалімге шабуыл жасап, шашынан тартып, ұрғанын көруге болады. Сол сәтте жанындағы мұғалімдер оларға көмектеспек болған. Оқушылар медбикенің кезекшілікке кірісуді талап етуіне агрессивті түрде жауап беріп, физикалық күш қолданған. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі төбелесті тоқтатуға тырысқанымен, қыздар оған да шабуыл жасаған.
Мектепте болған жағдайдан кейін қыздар мен олардың ата-аналарының қатысуымен жиналыс өтті. Қақтығыстың себептері туралы ақпарат берілген жоқ. Сот оқушылардың анасының жұмыссыз, екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын, отбасында асыраушының жоқ екенін ескерген. Осылайша анасына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (750 мың сом) 28,2203 теңге айыппұл салу туралы шешім қабылдады.
Жағдайды облыстық білім басқармасы бақылауға алып, қосымша ақпарат берілетінін айтты.
ПІКІР ЖАЗУ