Белгілі әнші Наркенже Серікбаеваның күйеуі дүниеден өтті. Қаралы хабар туралы әншінің өнердегі әріптесі Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Қатал тағдыр, адамды жиі алдайсың,
Кәрі ме, жас па, неге қарамайсың?!
Қазір бар адам кейде ертесі жоқ,
Қайғыңнан есті әсте жия алмайсың.
Шүкір деп келе жатқан жандарыңа,
Құдай-ау, неге ғұмыр сыйламайсың?
Наркенже сіңілім, қайғыңа ортақпын. Жолдасыңның иманы саламат болсын. Алла өзіңе сабыр берсін”, – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, Наркенже Серкебаеваның екінші күйеуі Әбділхамид 29 маусымда 41 жасқа толған еді.
ПІКІР ЖАЗУ