«Неге біз осындаймыз?». АҚШ-та вандализм жасаған қазақстандықтар қызу талқыға түсті

вандализм
Фото: видеодан кадр

Қазақстандықтардың АҚШ-та жасаған вандализмі туралы бейнеролик қоғамдық резонанс тудырды, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Шәкәрім Абдоллаев есімді жігіт Tiktok-парақшасында қазақстандықтардың АҚШ-та жасаған вандализмін көрсететін бейнеролик жариялады. Видео авторы отандастардың бірі өзінің туған қалаларының — Атырау мен Шымкент қалаларының аттарын қала орталығындағы мүсінге сызып, жазып кеткенін атап өтті.

Ол мұндай әрекеттерге қатысты пікірін білдірді.

«Тастарға жазу, қандай ақымақтық? Мен тарихта қалғыңыз келетінін, ізіңізді қалдырғыңыз келетінін білемін, бірақ есте қалудың басқа да жолдары бар! Халқымыздың абыройына нұқсан келтірмей, тыныш жүрейік, бауырлар», — деп жазған ол.

Шәкәрім Абдоллаев жазбасында оқырмандарына вандализмнің не екенін түсіндіріп, тарихи орындар мен ескерткіштерге зиян келтірмеуге шақырды. Ол мәдени мұраны құрметтеудің және өз халқының беделін сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Желі қолданушылары видео авторын қолдап, вандализм жасағандарға ашуланды. Олар видео астына түрлі пікір қалдырған.

«Бұл вандалдар әлі де эволюция сатысында», «Жабайылар», «Өкінішті», «Ал, неге біз осындаймыз?» — деп пікір қалдырған олар.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...