Төтенше жағдайлар министрлігі Каспий теңізінде құтқарылған қыздардың жазаланатынын айтты. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.
«Маңғыстау облысында матрасқа мінген үш қызды толқын теңізге қарай ағызып әкеткен еді. Дәл осындай жағдай кейіннен Қапшағайда да орын алды. Мұндай жағдайға тап болған жандарға қандай шара қолданылады? Бұл жағдайда адамдарды жазалау керек пе?» – деп сұрады журналистер.
Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бұған жауап ретінде Маңғыстау облысындағы оқиғаға қатысты жазалау шаралары қолға алынғанын түсіндірді.
«Қыздардың ағасы балаларды қараусыз қалдырғаны үшін 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Ерасыл Сайпаш.
ПІКІР ЖАЗУ