Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек қысқы трансфер кезінде команда ауыстыруы мүмкін, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
22 жастағы вингерге Испания Сегундасындағы (екінші дивизион) және Словакия чемпионатындағы бір клуб қызығушылық танытып отыр.
Vesti.kz сайты жазғандай, қазіргі таңда тараптар арасында келіссөздер жүріп жатыр. Футболшының өзі Испанияға барғысы келеді. Ал словакиялық клуб барынша тиімді ұсыныс жасап отырған көрінеді.
Ғалымжан қазір Кипрдің «Акритас» командасында ойнап жүр. Биылғы маусымда 13 матчқа қатысып, 5 гол соқты. Ол «Қайрат» футбол мектебінің түлегі.
ПІКІР ЖАЗУ