Қазақстандық танымал боксшы, қазіргі ҰОК басшысы Геннадий Головкин ресми жекпе-жегіне шығуы мүмкін, деп жазады ozgeris.info тілшісі.
Бұл туралы инсайдер Майкл Бенсон әлеуметтік желіде жазған. Ол оқырмандарын қазақстандық боксшы Монте-Карлода 13 наурыз күні Баду Джекпен жұдырықтасады деп сендіріп отыр.
Негізінен Головкин лауазымды қызметке тағайындалған соң, спортсүйер қауым оны рингпен қоштасты деп болжам жасады, десе де ҰОК басшысы өз бұған қатысты ресми мәлімдеме жасамады.
Геннадий мексикалық Сауль Альвареспен үшінші айқасынан соңшаршы алаңға шықпады. Солай бола тұра, бұған дейін әуелгіде «Головкин Теренс Кроуфордпен жұдырық түйістіреді» деген ақпарат тарап, кейіннен ресми расталмады.
Шынын айту керек, Майкл Бенсонның инсайды көбіне шындыққа жанасады, бірақ күмән да жоқ емес. Себебі, Баду Джек бірінші ауыр салмақта жұдырықтасса, GGG орта салмақта ғана жекпе-жекке шыққан.
ПІКІР ЖАЗУ