Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің екінші туры матчында Словения құрамасынан жеңілді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Кездесу Люблянадағы (Словения) «Стожице» стадионында өтіп, 3:0 есебімен Словенияның жеңісімен аяқталды.
Словения бірінші таймда екі жауапсыз гол соқты. Бес минут ішінде Беньямин Шешко дубль жасады (23 және 28 минуттар).
Үзілістен кейін Шешко хет-трик жасады (63 минут). Неміс «РБ Лейпцигінің» шабуылшысы басымен ұрып, үшінші гол салды.
Сауатсыз футбол мен сауатсыз тілшілер апама жездем сай болып тұр ойсырата жеңілді демейді ойсырай жеңілді деп айтасың жеңіп жатса айтасың ойсырата жеңді деп әй бірақ ол сөзді әзір айта алмаймыз ау футболымыз мынау тіліміз анау….