Отан үшін от кешкен ағаларымызды еске алумен бүгін арамызда жүрген батыр ағаларымыздың ерліктерін келер ұрпаққа дәріптеген жиынға Атамекен ҰКП Жетісу облысы, Қаратал ауданы филиалы ұжымыда қатысып, батырлардың рухтарына тағызым жасап, гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо ақпараттық-сараптамалық порталы.
Алыс жақын өткен тарихқа көз жүгіртсек 1989 жылы бүгінгі 15-ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеу жолында бітімгершілік үшін күрескен алдыңғы буын батырлар ағаларымыздың Ауған асуында от кешкен ерліктері бүгінгі жас ұрпақтың жадынан ешқашан ұмытылмайды. Сол зұлмат шайқаста құрбан болған бозадқтарды еске алып, аман қалған жерлес жауынгерлер ағаларымыздың ерліктерін кейінгі жас ұрпаққа дәріптеу жолында, Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласының орталық саябағында ауданымыздан Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге аранап қойылған ескерткіші алдында жиналып, соғыста шейіт болған ағаларымыздың рухына арнап құран оқып, мәңгілік ескерткіштеріне гүл қойды.
«Отан – отбасынан басталады. Бұл туралы балабақша, мектеп қабырғасында, тіпті жоғары оқу орынында жиі айтылуы керек. Бұл істі біз бүгіннен бастап қолға алмасақ, кім істейді?! Кешегі Ауғанда ерлік көрсеткен ағаларымыздай ертеңгі күнге жүрегінің түгі бар азамат тәрбиелеу үшін қазірден бастап ерлік деген ұғымды жастардың санасына сіңіре беру керек», — деді сөз соңын жиында аудан әкімі Ұлан Досымбеков.
ПІКІР ЖАЗУ