17 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, кей аймақтарда қатты жауын-шашын, боран, тұман және көктайғақ болады. Сондай-ақ желдің күшеюі болжанып отыр.
Астанада бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда таңертең және күндіз көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қар жауады. Батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістанда 17 ақпан түнде тұман болады.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), батысында және солтүстігінде күшті қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде және шығысында тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақтөбеде қар, жаңбыр жауып, түнде боран, көктайғақ болады.
Атырау облысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батысында және солтүстігінде тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында қар, боран күтіледі. Күндіз жауын-шашын (негізінен қар), боран, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін күшейеді. Петропавлда күндіз қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда кей кездері тұман болады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. 16 ақпан сағат 20:00-ден 17 ақпан сағат 20:00-ге дейін Семейде қолайсыз метеожағдайларға байланысты ескерту жарияланды.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылордада тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі. 16 ақпан сағат 20:00-ден 17 ақпан сағат 20:00-ге дейін Өскеменде қолайсыз метеожағдайларға байланысты ескерту жарияланды.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман, желдің күші күндіз 15-20 м/с болады.
Қостанай облысында түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с жетеді. Қостанайда түнде қар, боран, күндіз жаңбыр, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының шығысы мен орталығында тұман күтіледі. Павлодар қаласында да 17-18 ақпан түнінде және таңертең тұман болжануда.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман болжануда. Тараз қаласында түнде және таңертең көктайғақ және кей кездері тұман күтіледі.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру