Екібастұзда сауда орталығының төбесі aдамдардың үстіне құлады (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

Екібастұз қаласындағы «Макси Молл» сауда орталығының төбесі құлады. Аталмыш видео әлеуметтік желіде тарады.

Бүгін сағат 18:05 шамасында Екібастұз қаласындағы «Maxi Mall» сауда орталығының үшінші қабатында гипсокартон төбесі опырылып түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта төтенше жағдай министрлігі мен басқа да жауапты органдардың мамандары оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Құлаған төбе жабындысының жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрайды. Оқиғаның нақты себебі анықталуда.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жалобы Павлодар (@zhaloby_pavlodar)