Доллар бағасы түссе, азық-түлік арзандайды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.
Доллар көтерілгеннен кейін, халық абдырап, азық-түлікті мол қылып ала бастады. Сол кезде сұраныс көбейген соң, ұсыныс бағасы да жоғарылады.
«Қазір доллар артқа қарай шегінді. Бірақ естеріңізде болса, доллар күрт өскенде бағалар бірден өскен жоқ қой. Меніңше, бәрі орнына келеді, баға да бірдіндеп төмендей бастайды», — деді Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
«Енді, біз заң бойынша кез келген дүкенге кіріп, тексеріс жасай алмаймыз. Өйткені мораторий бар. Бірақ қазір республика бойынша 114 базар тексеріліп жатыр. Соның ішінде «Алтын орда» базары да бар. Ол жерде тексеріс аяқталуға жақын. Сондықтан баға түседі деп ойлаймын. Қазіргі деңгейде тұра бермейді. Өйткені бәсекелестік баға түсіруге мәжбүр етеді», — деп атап көрсетті комитет басшысы.
Ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ