«Бөлшектеп тастаған». Атырау тұрғыны 62 жастағы туысын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: pixabay.com

Атырау қаласында 62 жастағы әйелді туысы өлтіріп тастағаны белгілі болды. Полиция бұл деректі растады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оқиға 7 ақпан күні болған.

«Полиция қызметкерлері 62 жастағы тұрғынды өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Күдікті марқұмның туысы екені анықталды. Оның жасы 35-те. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Тергеу кезінде қылмысқа қатысты барлық мән-жай анықталатын болады.

Жергілікті басылымның жазуынша, ресми емес ақпарат бойынша әйел адамның бөлшектелген денесі табылған.