Еліміз бюджетті толықтыруға мүмкіндік беретін тағы біршама ұсыныстарды талқылауда. Оның ішінде кен өндіру саласын ынталандыру бар. Бұл туралы экономист Айбар Олжаев пікір білдірді.
Ол қазіргі уақытта тиімсіз болып отырған кен орындарын айналымға енгізуге мүмкіндік беретін салықтық шара. Ол үшін Канада, Австралия және Норвегияның жер қойнауын пайдалануға қатысты тәжірибесі зерттелуде. Ондағы мақсат – салық салуды өзіндік құннан сатылымға көшіру.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұрақты мекемелерді тіркеу талаптарын енгізу арқылы үш ірі мұнай-газ операторының жеткізушілері үшін корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеу міндеттемесі қарастырылуда.
Қазіргі уақытта мұнай жеткізушілері шетелде тіркелгендіктен корпоративті салықты бізге төлемейді.
Құмар ойыны бизнесіне салық өсетін болады. Букмекерлер үшін салық мөлшерлемесі қазіргі 20%-дан 35%-ға дейін көтеру талқылануда. Ол біршама түсім алып келеді.
Германия тәжірибесіне сүйене отырып, жеке кәсіпкерлер үшін БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) енгізу мүмкіндігін қарастырылуда. Бұл еңбектен түсетін кірістерді (ЖСН арқылы) және кәсіпкерлік кірістерді (БСН арқылы) бөлуге мүмкіндік береді. Сонда әділдік орнамақ. Демек, ИП арқылы біреуге жұмыс істеп ақша алсаңыз, ол еңбек табысы болады. Оған жеңілдік енгізіледі.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру