Болат Назарбаев ҰОС «ардагері» ме

Фото: threads.com

Желіде кішкентай балалардың ардагерлердің портретін ұстап түрған суреті тарады. Олардың ішінде Болат Назарбаевтың да портреті бар, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Ресейдегі балабақшалардың бірінде 9 мамырды тойлау кезінде балалар Болат Назарбаевтың портретін ұстап алған. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері болғандай», — деп жазды желі қолданушысы.

Аталмыш жайтқа қатысты жазылушылар түрлі пікір қалдырып, өз эмоцияларын жасыра алмаған.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 2021-жылдың 13-қарашасында 71 жасқа қараған шағында ауыр дерттен қайтыс болған еді.