Әнші, талант иесі Баян Сағынбаева қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері 73 жасында көз жұмды.
Ол 1951 жылы 14 наурызда Абай ауданында туған. 16 жасында М.Әуезовтің «Қаракөз» шығармасында Қаракөз рөлін ойнап, елге танымал болды. Келесі жылы одақтық байқауға қатысып, Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасында Қадишаның рөлін сомдады.
Баян Сағынбаева «Қазақконцертте» еңбек етіп, Өзбекстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Удмуртия, Қарақалпақстан елдерінде гастрольдік сапарларда болды. Кейіннен Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы саз колледжінде ұстаздық етеді.
Мәдениет қайраткері бүкілодақтық жастар сыйлығының иегері, Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Есімі Абай ауданының Құрмет тақтасына жазылған.
ПІКІР ЖАЗУ