Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.40-та Н.Назарбаев даңғылы 236-үй жанында болды.
«Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына тас құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомство.
Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ