Азия ойындары: Қазақстандық шорт-трекшілер күміс медаль жеңіп алды

Шорт-трекші аруларымыз 3000 метрлік эстафетада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 3000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы эстафетада қатысқан Қазақстан құрамасы күміс жүлде еншіледі

Команда мүшелері — Яна Хан Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Ажғалиева мен Мадина Жанбусинова.