Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген және қиын жағдайдағы әйелдермен акциялар ұйымдастырылды. Акциялар негізінен әйел адамдарды сауықтыруға бағытталды.
Және «Бала бақытты болса, ана бақытты» ұстанымына сай балаларды да қуантып, түрлі қызықты орындарда қыдырды. Атап айтсақ, Мемлекеттік қуыршақ театры, кинотеатр, Қонаев мұражайы, саябақтар, Бутаковка тауы, ойын алаңдары, Көк төбе және т.б. Одан бөлек адамдар көп шоғырланған өңірлерде буклеттер таратылып, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияға негізінен аналар үйінің, дағдарыс орталықтарының әйелдері және қала тұрғындары, волонтерлер, студенттер қатысты. 16 акция қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың азаюына үлес қосты деген сенімдеміз.
ПІКІР ЖАЗУ