Аудан әкімінің әйелі күйеуін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны туралы шындығын айтты

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің, Ринат Ибрағимовтың әйелі, оны тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. Ақмарал Үмбетқалиеваның айтуынша, күйеуі оны жүйелі түрде ұрып-соғып, «мүгедек қыламын» деп қорқытқан.

Оның айтуынша 2023 жылы 31 мамыр айында, балаларының көзінше ұрып соққан. Нәтижесінде Ақмарал 1 ай бойы жүре алмаған. Ибрағимов Ринат, дәл осы сәтті қолданып балаларын алып кеткен. Және анасына балаларымен 1 жыл бойы кездесуге рұқстар бермеген. Оның айтуынша, балалар анасымен кездескізі келмейді.

Айта кетейік, Ибрагимов дзюдодан әлем кубогының жеңімпазы, 2008 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Бейжің және Лондон олимпиадаларының қатысушысы.

Бейнежазба