Евгений Пригожин ұшақ апатынан қаза тапты

Тверь облысында бортында он адамы бар жекеменшік Embraer Legacy ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы

Әуе көлігі федералдық агенттігінің мәліметінше, ұшақтың жолаушылар тізімінде «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинде бар.

Ұшақта он адам, оның ішінде үш экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, борттағылардың барлығы қаза тапты, — деп атап өтті департамент.

Бейнежазбада әуе кемесінің құлап бара жатқаны көрінеді. Апат Тверь облысындағы Куженкино ауылында болған, қирандылар ферманың жанына құлаған.

Куәгерлердің бірі ұшақ құлаған кезде екі рет жарылыс дауысын естігенін айтады. Содан кейін борт құлай бастапты

«Үйімнің жанында тұрып, қарап тұрдым. Бірінші жарылыс, содан кейін екінші жарылыс, қозғалтқыш жарыла бастаған сияқты», – деді Тверь облысының тұрғыны «Московский комсомолец» газетіне.

Евгений Пригожинтің командасына тиесілі бизнес-джет әуеде жарты сағаттай ғана болды. Ұшақ көтерілгеннен соң 26 минуттан кейін апат орын алған.

Росавиацияның мәліметі бойынша, Embraer-135 (EMB-135BJ) бортында Propustin Sergey, Makaryan Evgeniy, Totmin Aleksandr, Chekalov Valeriy, Utkin Dmitriy, Matuseev Nikolay, Prigozhin Evgeniy болды. Экипаж мүшелері – командир Levshin Aleksei, екінші ұшқыш Karimov Rustam, стюардесса Raspopova Kristina.