«Құттықтасаңыздар болады»: Мадина Сәдуақасова отбасындағы қуанышын бөлісті

Әнші Мадина Сәдуақасова көпшілікке қуанышын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында абысын атанғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Құттықтасаңыз болады.Мен абысын атандым. Қайын інім Сәбит үйленді. Үйге Маусымжан деген келін келді. Жастар бақытты болсын. Ендігі кезек Демежан қайнымда. Әнуарға дейін уақыт бар, — деді Мадина Сәдуақасова.

Сонымен қатар әнші беташардан видео бөлісті. Видеодан Сәдуақасованың ұлттық киім киіп, орамал тартып, жаңа түскен келіннің оң жағында тұрғанын көруге болады.