Кореяда автобус жүргізушісіне шабуылдаған қазақстандық әйел 3 жыл бойы емделіп келген

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен тап берген қазақстандық әйел туралы мағлұмат берді, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Әлеуметтік желіде Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасағаны хабарланған еді.

«Жақында Сеулдан біздің азаматымыз жергілікті тұрғынға шабуыл жасады деген ақпарат алдық. Мәселенің мән-жайын анықтадық. Ол әйелдің ұлты кәріс, күйеуі екеуі Кореяда ұзақ жылдар бойы тұрып келеді. Оған этникалық виза берген және бизнеспен айналысқан. 2020 жылдан бері арнайы ауруханада стационарлық ем алып келген. Оқиға болғанда да дәрілік препарат ықпалында болуы мүмкін», — деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Ресми өкілдің айтуынша, жақында Қазақстан консулы әйелдің жағдайын білуге барады. Мәселе толық бақылауға алынған