Абай күніне арналған шара «Алатау» театрында

«Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деген болатын Мемлекет басшысы.

Сананы жаңғырту, сапамызды арттыру жолында Абай еңбектерінің қашанда маңызы зор. Абай өсиеті – болашаққа бағдаршам. Ұлы Абайды ұлықтау – парызымыз.

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай ескерткішінің алдына гүл шоқтары қойылды. Ал «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Абай күніне арналған концерт өтті. Режиссері – Нұржан Тутов. Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театры және «Жаңа Ғасыр» театры артистері өнер көрсетіп, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Шараға арнайы Алматы қаласы әкімдігі және белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Әдебиет бөлімінің басшысы
Қуаныш Жұмабекұлы