Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті

Танымал әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев өмірден озды. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Қаралы хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали естіртті.

“Қаралы хабар. Қазақтың аяулы өнерпаз қызы Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүние салды. Құрметті Айгүл, қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Бекем болыңыз”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.

“Иманды болсын”, “Иманы жолдас болсын”, “Алла панасына алсын”, “Алды пейіш, арты ырыс болсын”, “Артының қайырын берсін”, – деп басу айтты желідегілер.