NEEТ жастары: құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?

Фото: aikyn.kz

26 сəуір күні сағат 11:00-де М.Нəрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде «Жастарды əлеуметтендіру жəне оңалту» жобасы аясында NEET санатындағы жастардың деректер базасын құрып, осы санаттағы жастарды еліміздің əлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мəселелері бойынша «NEET жастары: құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?» тақырыбында ТЕD-x форматындағы кездесу өтеді.

Жоба жастардың жұмыс жəне оқуға келгенде белсенділік танытпау себептері, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру жəне кəсіби бағдарлау түрлері, NEET жастарының қордаланған мəселелерінің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.

Іс-шараның мақсаты — көтерілетін мəселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру.

Іс-шара спикері ретінде «Qazaqstan» ұлттық арнасы «Ашық алаң» бағдарламасының жүргізушісі Мақсат Толықбай жəне блогер, журналист Дəулет Төлеутай қатысады. Мансап жəне жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тəжірибелерімен бөліседі.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар жəне қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кəсіпкерлік қызметке оқыту, кəсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады.

Шараға қатысу үшін сілтеме арқылы тіркелу қажет https://forms.gle/3eBYWX7mtDmW1y1F8

«ozgeris.info».