Қостанай облысында балалар лагерінде сауна орналасқаны анықталды

Қостанай облысының прокуратурасы балалар лагерлеріне кешенді тексеру жүргізуде. Олардың бірінде бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын бөлме бар екені анықталды. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Аудит балалардың құқықтарын қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелерін қамтыды.
Тексеріс нәтижелері көңіл көншітпейді.

«Балалар лагерлерінде алдын ала тексеру нәтижелері бойынша жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен азық-түліктер, перспективалық мәзірдің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуі, балалар лагері аумағында балалар үшін жарақат алу қаупі бар аймақтардың болуы, бактериялардың бар екенін көрсетті. Балалар лагерлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінде спирттік ішімдіктер табылды», — деп жазады облыс прокуратурасы өз есебінде.

Сонымен қатар балалар лагерінің аумағында бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын бөлме бар екені анықталды. Прокурорлар тексеруді жалғастыруда, барлық анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданады.