«Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті

75 жасында «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті. Бұл туралы ансамбльдің ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

«Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің құрушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі марқұмның туыстары мен жақындарына, балаларына қайғыра отырып, көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде ең шынайы, мейірімді, адал, жауапты және жарқын адам ретінде қалады. Топырағы торқа болсын», — делінеді ансамбльдің Instagram-дағы ресми парақшасында.