Карина Құзғанбаева ауыр атлетикадан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Карина Құзғанбаева жұлқа көтеруде алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды, сондай-ақ серпе көтеруде күміс медаль иеленді. Әлішер Байбуров жұлқа көтеруде екінші болып, жасөспірімдер арасында республикалық рекорд орнатты, ал серпе көтеруде үшінші орын алды. Мира Ахметова жұлқа көтеру және серпе көтеруде екі «қола» медаль жеңіп алды. Ислам Ілиясов жұлқа көтеруде үздік үштікті түйіндеді.

Жүлделер үшін еліміздің 16 өңірінен барлығы 217 спортшы бақ сынады. Ерлер арасында да, әйелдер арасында да он салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынды.