Алматы облысында жағдай тұрақталды – штаб

Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы облыста жағдайдың тұрақтанғанын  мәлім етті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Штаб жетекшісінің шешімімен ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні сағат 00:00-де Талдықорған, Текелі қалалары мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Ақсу, Ескелді және Қаратал аудандарында терроризм қауіптілігінің жоғарғы «Қызғылт сары» деңгейi тоқтатылады. Арнайы және құқық қорғау органдары штаттық жұмыс кестесiне көшіріледі. Барлық аймақ тұрғындарына түсіністікпен карап, азаматтық жауапкершілік танытқандары үшін алғысымызды айтамыз, —  делінген хабарламада.