Ауылдарды қызғыштай қорғайық …

Менде, ауылдың бір баласымын. Президентіміз Тоқаев былтыр Ауыл Концепциясы туралы Жарлыққа  қол қойды.

Үкіметіміз де көп кешікпей өз қаулысымен Ауыл Концециясын бекітті.  Аталмыш  Концепцияда  6 мың 828 елді мекендердің ішінен  тек   3 мың 5 жүзі ғана  есепке алыныпты.  Болашағы бұлыңғыр 3328  ауылдардағы адам саны миллионға жетер-жетпес.  Еріксіз босқын-қашқын атанған олар  енді не істемек? Ия, егеменді ел болғанда аңсағанымыз –  осыншама халықты   қаңғырту ма?  Олар  қайда барып, қалай  күн көреді?   «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» —  дегендей,     мыңдаған  ауылдарымызға ие бола алмай,  қаңыратып қараң қалдырсақ, күні ертең ақ,    біздерге  қаны қас біреулердің сол  қыруар бос жатқан жерімізді   көз қысты, бармақ басты қылмайтынына, қане,  кім кепілдік берер екен?

Бүгінде, біреуді    таңқалдыру мүмкін емес.   Сонда да, мен  таңқаламын!   Жалғыз  мен емес, бүкіл Әлем де таңқалады. Бәрінің таңқалатыны – біздің ата- бабаларымыздың  Қырым мен Қытай арасындағы кең байтақ, Евразия  жеріне  ие болуы.  Ата-бабаларымыздан бізге аманат боп қалған осы  ұшан-теңіз байлықты  ешкім  бағалай алмас.    

Мына, «Алтын Торпақ – Золотой Телецтің» айы оңынан, жұлдызы соңынан туып тұрған заманда, саяси-экономикалық экспансияға ұрынып қалмауымызды ешқашан да естен шығаруға болмайды.  Үлкенді-кіші мемлекеттер  мен   олардың альянс-одақтарының   арасындағы  жерге талас даулар   мен  қантөгіс соғыстар    тек жерге ғана байланысты болған.  Ұлағатты ұлы ғалымдардың жерді  сатпақ түгіл, жалға да бермеңдер дегенін елемегендердің бүгінгі хәл-жағдайы  көпке мәлімМысалы, Таяу Шығыстағы ежелгі елдердің бірі, жер астындағы  мұнайы бар, Күрдістан қайда? Палестина мен Израиль арасындағы  қанды қақтығыс қашан аяқталады?  Тілінің де көп айрмашылығы жоқ және  діні де бір, православиялықтардың өзара  соғысы қашан тоқталады? Бұған, таудағы  Бадахшан мен     Қарабахты  қосыңыз.

Мен,  жаңа ғана,    Күнгейден жеткен сәлемді – болашағының  жоқтығынан  қасиетті де қазыналы Қаратаудағы, байлығы жатқан жалпақ, жерге симаған,  сырлы Созақ ауданының Қақпансор мен Қоңыратарық ауылдарының  жойылуын – естігеннен бері, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден қалдым.    Енді, не істейміз деп, небір ойға баттым.

Біріншіден, біздің лауазымды қызметкерлеріміздің, есімдері елге танымал бизнесмендеріміздің, нағыз сарапшыларымыз және оларға қоса, диваннан түспейтін және ас үйден алысқа бармайтын білімсымақ сөзуарлардың айтуынша – бізде бәрі бар. Ал,  жоғы не?

Екішіден, біздің жоғымыз – жауапкершілік.    Үкімет басындағылар ештеңеге жауап бермейтін көрінеді. Осы сөзім жалған десеңдер, айтыңдаршы қане, жақында ғана қабылданған Ауыл коцепциясы мен   қайта қаралған аймақтық  стандартар жүйесінің авторлары кім, кім жауапты?

Үшіншіден, Үкіметтің естуі бар да,  сол естігенін нәтижелі орындауы жоқ.   Сондықтан, жоғарғы лауызымды басшылар, барлық санаттағы депутаттар,  аудан әкімдері   және  белсенді  азаматтарымыз бірлесе  отырып, жан-жақты айқындалған,  атаулы  жауаптылықпен, ауылдардағы  үйлердің  бәріне  «жасыл энергиямен» жылу және қосалқы шаруашылыққа бір гектарға дейін тегін  жер беруді заңдастырайық. Сонымен қатар,  осындай замнауи     ауылдар санын жыл сайын  көбейтуді де ұмытпайық. 

Осы, игі ұсынысымды   Аллаһым өзі қолдасын!!! Әмин!!!

Оспанов Хамза, экономист, зейнеткер,

«SHABYT» ҚБ және

«Елорда билер кеңесі» ҚБ мүшесі