15 жастағы жасөспірімді жүкті қылып қойған Абай облысының тұрғынына сот үкім шығарды

15 жастағы жасөспірімді жүкті еткен Абай облысы Бесқарағай ауданының 21 жастағы тұрғыны 2 жылға бас бостандығынан шектетілді, Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

21 жастағы Сергей мен 15 жастағы Лена (есімдері өзгертілген) әлеуметтік желіде танысып, ұзақ уақыт сөйлесіп жүрген.

Бір-бірін ұнатқаннан кейін олар кездесе бастаған, ата-аналары да олардың қарым-қатынасына қарсы болмаған. Екеуінің кездесулерінің нәтижесі 15 жастағы Ленаның жүктілігіне алып келген. Екі жақтың ата-анасы қыздың жүктілігі туралы білгененен кейін, қыз 16-ға тола салысымен екеуін бірден үйлендіруге келіскен.

Алайда, мектеп медбикесі Ленаның жүкті болғанын біліп, аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Осы тарапта ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша он алты жаска толмаған азаматтармен жыныстық қатынас үшін жауапкершілік қарастырылған.

Аталған баппен Сергей қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот барлық жағдайларды және жәбірленуші мен оның заңды өкілдерінің оған ешкандай наразылығының жоқтығын және оны жазаламауды сұрамағанын ескеріп, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

Қазіргі уақытта ол Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде тұр. Пробация қызметі оған Лена мен баланы қамтамасыз ету үшін жұмыска орналасуға көмектесті. Сонымен қатар оны тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріп отырады. Пробация қызметіндегілер тұрғын үй, тұрмыстық жағдайларын қарап, үнемі әңгімелесулер жүргізеді. Жақында ғана Сергей мен Лена ұлды болды.

Сергей өзінің іс-әрекеті үшін барлық жауапкершілікті түсініп, Ленаға барлық жағынан көмек көрсетіп, үлгілі отағасы болуға уәде берген.