«7 млн теңге»: Төреғалидің үлкен қарындасы күйеуіне бренд сағат сыйлады (ФОТО)

Отандық әнші Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы күйеуінің туған күніне құны 7 млн теңге тұратын бренд сағат сыйлады. Бұл жайлы Фариза Төреәлі Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Екі ай бұрын сыйлығымды дайындадым. Дәл осы сағатты ұзақ іздеп, таптым. Алған кезде қуанышымда шек болмады. Себебі, бұл модельді табу оңай емес екен. Бәрі ниетке байланысты ғой. Екеуіміз енді шаңырақ көтергелі жатқанда, тойға дайындық кезінде Дархан 6 миллион теңгесін жоғалтқанын айтып едім. Қазір ерекше шүкіршілікке бөленіп отырмын. Себебі, Дарханның әлі талай белестерді бағындыратынына, оның потенциалы мықты екеніне сендім. Ал, міне, бүгін құны 7 млн теңгенің сағатын сыйлап жатырмын. Сіз бар жақсыға лайықтысыз, палуаным. Қуанышты күндеріміз көп болсыншы», — деп жазды Фариза Төреәлі.