Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлаған әйел ұсталды

Полиция Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлап, қызды қараусыз қалған ғимаратқа апарған әйелді ұстады. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Желілерде қысым көрсеткен әйелдің әрекеті қолданушылардың наразылығын тудырды

«Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – 1999 жылғы Т. есімді келіншек, Қарғалы ауылының тұрғыны. Күдікті Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталып, уақытша ұстау үшін арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды. Органдар ҚК-нің 126-бабы, 5-тармағының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.