Көрші әйел анасына айтып барсын деген ниетпен қыздың қолы мен аузын байлап, қараусыз қалған жерге алып барған

Оқиға Алматы облысы Қарғалы ауылында болған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қыздың табылғанын хабарлады.

Қыздың анасы көршісі бұл әрекетке олардың ақшалай қарызы болғандықтан барған болуы мүмкін деп топшылайды.

Қазіргі таңда көрші әйел ауылдан кетіп қалған. Оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Баламен мектеп психологі жұмыс істейтін болады.