Астанада курьерлер наразылыққа шықты

Курьерлер жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

«9 шілдеде сағат 21:00 шамасында ЕХРО аумағында еңбек шарттарына наразы болған «Яндекс» компаниясының курьерлері жиналды. Содан кейін жастар Қабанбай батыр даңғылындағы «Қазақстандық күн» монументіне скутерлермен барды», – деп мәлімдеді ПД.