Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 15 тәулікке қамауға алынды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы әскери бөлім бастығының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Сотта анықталғандай, 2 шілдеде әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Нұрасыл Болат Алматы гарнизоны гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне баруға міндетті болған. Алайда ол оған бөлімше командирінің берген бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартып, Әскери полиция басқармасының ғимаратына келген автокөлікпен белгісіз бағытта кетіп қалған.