Машина құрастыру — бұл тек қана автомобильдер емес — Азат Перуашев

2023 жылдың 14 маусымында «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі ұйымдастырған мәжіліс отырысында коммуналдық апаттардың алдын алу және саланы жаңғырту мақсатында энергетика машиналарын жасауды жедел ұйымдастыруы бойынша депутаттық сауалын Азат Перуашев жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өткен жылыту маусымында еліміздің түрлі аймақтарында (Петропавл, Екібастұз, Риддер, Рудный) орын алған ірі коммуналдық апаттардың тұтас сериясы энергия  жүйелерінің толықтай, жылу және электро-энергетика салаларында кейбір жағдайларда 95%-ға дейін тозғанын көрсетті.

Осы орайда Мемлекет басшысы энергия өндіруші және энергия тасымалдаушы нысандарды, соның ішінде «Инвестиция орнына тариф»  бағдарламасы аясында жаңартуды тапсырды.
Сондықтан, жақын айларда энергетикалық компаниялар жалпы алғанда жүздеген миллиард қосымша табыс табады және оны жаңа жабдықтарды сатып алу мен ескіні модернизациялау жұмыстарына жұмсауы керек,- деп хабарлайды депутат.

Сонымен бірге, тарихи тұрғыда қалыптасқандай, негізінен энергетикалық жабдықтарды өндіріп, Қазақстанға жеткізуші (құбырлар, генераторлар, қазандықтар, агрегаттар, сорғылар мен тб.) бүгінде шабуылға ұшырап, қирандылар астында қалып жатқан Украина еді.
Ресей өнеркәсіптері секілді баламалы жеткізушілер де қазіргі жағдайда тапсырыстарды уақытылы әрі қажет көлемде өтей алмайтындығы белгілі.

Осы орайда, «Ақ жол» партиясы Үкіметке жоғарыда аталған энергожүйелерді жаңартып, модернизациялау мақсатында отандық энергетикалық жабдықтарды өндіру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұсынады.

Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қолдаудың жоқтығынан елімізде өмірлік маңызы бар өнеркәсіптік энергетикалық жабдықтарды шығаратын кәсіпорындар іс жүзінде жоқ, ал жұмыс істеп тұрған зауыттар тек қиын емес бір ретік тапсырыстар және жөндеу базасымен шектелген,- дейді депутат.

Осыған байланысты «Ақ жол» парламенттік фракциясы келесіні ұсынады:
1) Тез арада бизнеспен бірлесес энергия өндіруші және жеткізуші ұйымдардың, оның ішінде жылу-энергетика саласын жаңғырту қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін электр энергетикалық жабдықтардың отандық өндірісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
2) Жауапты органдарды Қазақстанға көшіру үшін тиісті шетелдік кәсіпорындарды таңдауды бастау немесе оларды серіктестер және құрамдас бөліктерді жеткізушілер ретінде тартуға міндеттелсін.
3) «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды іске асыру шеңберінде энергетикалық өнімдерді өнеркәсіптік жинақтау, сондай-ақ тиісті жеңілдіктер мен Өнідірісті дамыту қоры арқылы қаржыландыру туралы үлгілік келісімді әзірлеу.