Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығы салынады

Жетісу облысы елімізде алғашқы болып Талдықорған қаласында үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 50 орындық стационарлық орталық ашты. Осы және өзге де әлеуметтік қорғау саласындағы шаралар туралы бүгін журналистерге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев брифинг барысында баяндап берді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық және Алакөл, Панфилов, Сарқан, Қаратал аудандарында әрқайсысы 30-50 орын болатын балаларға арналған Оңалту бөлімшелері іске қосылған. Соның ішінде биыл Алакөл жағалауында мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы демалыс үйі ашылады.

Сондай-ақ келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығын салу жоспарланып отыр.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.