Адам өз жұмысын жақсы көру қажет — жастар маманы

Елімізде жастар санатын 35 жасқа дейін көтерді. Статистикаға сәйкес қазір елде 6 млн-нан астам 14-35 жас аралығында адам тұрады. Ал жастармен жұмыс жасайтын мамандардың кәсіби біліктілігі, жалпы жастармен жұмыс жасау қалай ретке қойылған? Не істелініп жатыр? Жастарға сапалы әлеуметтік қызметтердің іске асуы да маңызды. Осы орайда Өзгеріс.инфо порталының тілшісі жастар саласының мамандарымен сұхбат алып көрді.

Елімізде жастар санатын 35 жасқа дейін көтерді. Статистикаға сәйкес қазір елде 6 млн-нан астам 14-35 жас аралығында адам тұрады. Ал жастармен жұмыс жасайтын мамандардың кәсіби біліктілігі, жалпы жастармен жұмыс жасау қалай ретке қойылған? Не істелініп жатыр? Жастарға сапалы әлеуметтік қызметтердің іске асуы да маңызды. Осы орайда Өзгеріс.инфо порталының тілшісі жастар саласының мамандарымен сұхбат алып көрді.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жастар ресурстық орталығының бұрыңғы қызметкері, әрі басшысы қызметін атқарған Сая Сағынғалимен сұхбаттастық. Сая қазіргі кезде жастар саласының маманы, бизнес-тренер, бейресми білім беру саласының маманы, көптеген әлеуметтік жобаларға қатысып, осы саланың белсендісі, кейінгі кездері азаматтық қоғамдағы мемлекеттік тапсырыстарды (гранттарды) үйлестіру комиссиясының сарапшысы қызметін де атқарған.

— Сая ханым, өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз? Сіз ұзақ жылдар бойы жастар саясаты саласында, жастармен жұмыс жасау, тренинг, бейресми білім беру әлемдік тәжірибелерін елге алып келіп, еңгізгендердің бірісіз. Қызмет жолыңыз қалай басталды? Неге жастармен жұмыс жасау саласында?

— Менің есімім Сағынғали Сая. Мен Ақтөбе қаласының тумасымын. 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін осы жастар саясатында, яғни қоғамдық қорларда жұмыс жасаймын. Соның ішінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және жастармен жұмыс. Осы жылдары Байғанин ауданында жастар орталығының басшысы болып қызмет атқардым. 2013 жылы қоғамдық ұйым аштым. Кейін 2020 жылы арман қуып Астанаға көштім. Жаңа белес демекші. Ауылдың шеңберінде қалып қоймай, әрі қарай даму үшін үлкен қаладан бастағым келді. Қазіргі таңда Астана қаласында жастар саласы, қоғамдық ұйым, әлеуметтік жобаларым республикалық деңгейде жүзеге асып жатыр.

— Өзіңіздің Instagram, TikTok, Facebook әлеуметтік желілеліріңіздегі істеп жатқан жұмыстарыңызды, айдарларыңызды айтып өтсеңіз? Немен айналысасыз?

— Иә, әлеуметтік желіде отырамын. Қазір 10 мыңнан астам оқырманым бар. Жаңа айтып отырғанымыздай көбі ауыл жастары. Менің мақсатым, былай қарап тұрсам телеарна, газет-журнал, БАҚ өкілдері жаңадан шығып жатқан бағдарламаларды айтып жатады. Бірақ олар экономикалық терминмен, заң тұрғысымен айтылып жатады. Ол қарапайым халыққа өте түсініксіз. Қарапайым халыққа нақты, әрі нық айтылуы керек. Бізде керісінше, қиындатылып, бұратылып айтылады. Сол себепті көп адам осының бәрін түсінбей жатады. Өзім осы нәрсені байқадым. Әлеуметтік желі Instagram парақшама да осындай хаттар көп келеді. Мысалға, мынау не, дипломмен алу бағдарламасы не, жастап тәжірибесі не, қайда барамыз. Сол себепті халыққа қысқа, әрі нақты түсінікті болуы үшін рилс видеолар көп салып отырамын. Осылайша, халықтың мейіріміне бөленіп жүремін.

— Қазіргі жастар саясатындағы жағдайды қалай сипаттайсыз? Жастар саласында қандай мәселелер бар? NEET санатындағы жастар деген кімдер? Жұмыс беру мен білім беру саласында жастардың негізгі проблемаларын атасаңыз?

— Енді білесіз бе, біз 2013 жылдан бастап жастарға орталықтар аша бастадық. Қарап отырсақ әр облыс әртүрлі жұмыс жасайды. Жастар саласына қатысты нақты бір тұжырымдама болғанымен,жастар саясатын жүзеге асыруға ат салысатын нақты бағдарлама жоқ. Бірақ, әрине заң бар, дегенімен де әр жастар орталығының қаржысы, қызметкер саны бөлек. Сондықтан да әр орталық өзінше, өздерінің білгенінше жұмыс жасайды. Дегенімен де, жастар саясатына бір ортақ бағдарлама жетіспейді. Бізде  жастар ұйымдарын атаулы мерекеде, мейрамдарда, әкімшіліктің жұмыстарына пайдаланады. Шын мәнінде жастармен жұмыс жасай алмайды. Тағы бір қателік жастар ұйымында жұмыс жасайтындардың бәрі костюм шалбар, галстук киіп алған шенеуліктер. Айтарым, біздің елге тың идеялар керек және шетелдік тәжірбиелермен жұмыс жасау керек деп ойлаймын.

— Қазіргі жастардың психологиясы қандай? Әртүрлі жас категориядағы жастардың айырмашылығы неде? Қазіргі жастармен қандай жұмыс жасауымыз қажет?

— Негізі шыны керек, қазіргі жастарға таң қала да қараймыз, қызыға да қараймыз. Өйткені, мен де жастар категориясындамын ғой, дегенімен де, біздің артымыздан еріп келе жатқан іні-сіңілілеріміз өздерін  басқаша ұстайды. Олар сөздерін еркін айта алады, ойларын еркін білдіре алады және ештеңеден қорықпайды. Оларға әрқашан баға емес, сапа маңызды. Сонымен қатар, олар өте шығармашыл,қоғамдық жұмыстарға белсене араласа алатын жастарымыз өте көп.Негізі өмірде психология әртүрлі. Біреулерге ақпарат керек, біреулерге керек емес. Жастармен жұмыс жасайтын ұйымдарда әр жасқа категориясына сай жоспарлар, бағдарламалар бөлек болуы керек. Бізде керісінше, бір жоспар барлығына бірдей. Сондықтан, жастарға сай бағдарлама жасауы қажет деп ойлаймын.

— Қазіргі кезде жастар диплом үшін оқып жатыр дегенге келісесіз бе? Неліктен жастар мамандығы бойынша сирек жұмыс істейді? Неге ол пайыз өсіп жатыр? Оған қатысты қандай амалдар бар?

— Мен өзімді мысалға келтіре аламын. 2008 жылы Гуманитарлық колледжге 9 сынып бітіріп түстім. 2011 жылы колледжді бітірдім. Содан кейін сенесіз бе, 2021 жылға дейін менде жоғарғы білім болған жоқ.Маған диплом маңызды емес, менім ойымдағы дағды маңызды,мен оқымаймын, түспеймін деп ойладым.Жанағы менің түрлі курстарда,тренингтерде өмірлік маңызы бар дағдылардан алған білімім,тәжірибем көмектесіп жатыр.Бірақ,бізде қазақтарда менталитет, стеоротип деген ұғым қалыптасып қалған.Бірнеше жерге барған кезде,а сізде жоғарғы біліміңіз жоқ па деген сұрақтар көп туындайды.Сол кезде мен айтатынмын жоғарғы оқуды оқымасам да,Ақтөбе облысының жыл адамы атағын иегерімін,бірнеше шетелдік ұйымдардың иегерімін.Егер де менің білімін,тәжірибем жеткіліксіз болса,оған қалай жеттім деп ойлайсыз деп сұрақ қоятын едім.Сол үшін бізде қате ата-аналарда.Жастардың өздерінің қалауын жасауға мүмкіндік беру керек.Қолынан келе ма, істеу керек, ойларын ашық айтуы керек. Ата-аналарға айтарым балаларына сеніп, әрқашан қолдау жасау керек. Оларға балаларының жай диплом алып жатқаны қажет пе, әлде өзіне ұнайтын жұмыс істеп, қаражат тапқаны қажет пе. Жастар не ұнайтынын, не ұнамайтынын ашық айтуы керек деп санаймын.

— Қазіргі таңда олардың  жұмысқа орналасуы жұмыс жоқтықтан ба, әлде жұмыс берушінің талаптары жоғары ма, қалай ойлайсыз?

— Негізі, екі жақтан да бар, екі жақты  кінәлауға болмайды. Бірақ, қазір мемлекет тарапынан өте көп бағдарламалар бар. Мүмкін, жастар мемлекет тарапынан берілетін жұмысқа көңілі толмай, басқа жұмысты іздейтін да шығар. Дегенімен де, мемлекет тарапынан берілетін мүмкіншілік өте көп. Мысалы, мектеп бітірдің, оқуға түстің.Жазғы каникул уақытында «Жасыл ел» атты бағдарламасы бар. Айына 75 мың-120мың арасында ақша аласын. Бір ай жұмыс істейсін. Мекемелерде жұмыс істеп, ұнаса сол мекемеде қаласын. Мүмкін жастарға ақпарат жетіспей жатқан шығар. Олар мүмкіншіліктің барын білмейтін шығар. Дегенмен де, ешкімді кінәләй алмаймын. Мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіншіліктер көп, соларды біліп, пайдалану керек деп ойлаймын.

— Қазіргі таңда жастардың кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндіктері бар ма? Қандай атап айтсаңыз, әсіресе ауылдық жастар үшін?

— Өте көп. Біріншіден, «Бастау бизнес» бағдарламасы бар. Бұл 400 МРП, яғни 1 млн 300 мың қайтарымсыз грант. Оны онлайн оқып, сертификатын алады және кәсібіне бизнес план жазып, сайтқа сала алады. Өз жұмысын қорғап, грант ұтып ала алады. Екіншіден, Жол картасы 2021-2025 жылдарға дейін атты бағдарламасы бар. Бұл 5 млн қайтарымсыз гранты. Әртүрлі ұйымдардан берілетін гранттар да бар, жастар осындай мүмкіншіліктерді пайдаланып, өздерінің кәсіптеріне пайдалануға болады.

— Жастармен жұмыс жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер, тәжірибе болуы керек?

— Ең бірінші-адам өз жұмысын жақсы көруі қажет. Адам жұмысын жақсы көрсе, сол жұмыстан бір нәтиже шығаруды ойлайды. Өзім ең бірінші бастағанда керемет тәжірибемен бастаған жоқпын. Небәрі 21 жаста болдым. Бірақ мен жұмысымды өте қатты жақсы көрдім. Жастармен бірге билеймін да, ән де айтамын, серуенге де шығамын, олармен бірге жүріп, тәжірибе жинаймын. Екінші, қарапайымдылықты әрдайым ұмытпау қажет.Үшінші ол белсенділік. Яғни, әртүрлі жобаларды іске асырып отыратын, жан-жақпен байланыса алатын, коммуникативті, әртүрлі ұйымдармен, бағдарламалармен жұмыс жасай алу.

— Сіз өзіңіз үкіметтік емес ұйымдарда қызмет жасадыңыз. Азаматтық сектор қаншалықты жастар мәселесін қазіргі кезде шешіп жатыр? Мемлекеттік қаражат тиімді жүзеге асырылып жатыр ма? Қалай бағалайсыз? Қандай мәселелер бар? Жалпы азаматтық қоғамды дамыту үшін не істелініп жатыр? Бізде азаматтық қоғам бар ма?

— Мен қазір де үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын бақылайтын эксперт маманы болып та жұмыс жасаймын. Бізде азаматтық бастамаларлы қорғау орталықтары бар. Ол жерге ақпараттық қоғам жылына миллиондаған, миллиардталған ақша береді. Яғни, сол ұйым үкіметтік емес ұйымдарға қаражат бөледі. Әр жыл сайын жобалардың байқауы өтеді. Ауылдық жерге келетін болсақ, сол жақтарға ұйымдар барып отыруы қажет. Мемлекет тарапынан қаражат өте көп бөлініп жатыр. Бірақ сол грантты ұтып алған ұйымдар дұрыс жұмыс жасамайды. Тиімді жұмыс жүргізгісі келсе, шынайы жұмыс жасауы қажет.

— Жұмыс істеуде сізді жастардан не қызықтырады?

— Жастар бойында мені қызықтыратын ол-қызығушылық. Қазіргі жастар әр нәрсеге қызығады. Сұрақтары да, пікірлері де басқаша. Өте ұтымды ойлар айтады. Бір орында тоқтап қалмайды. Әрдайым жылжу бар. Сонымен қатар қазір жастар жаман нәрселерден аулақ. Мысалға, шылым шегу, ішімдік ішу дегендерден. Қазіргі таңда жастардың ойында не істеу керек, не істеуімізге болады, қалай жылжимыз, әрдайым бір тірлік істеп, жұмыс жасағысы келіп тұрады. Бойындағы сол қасиеттері өте қатты ұнайды.

— Жақсы сұхбат бергеніңізге көп рақмет! Жұмысыңыз сәтті болсын!

Сұхбат алған Сағыныш Оралхан