Жаңа кітап қорымен толықты

Астанада «Қазақстан Республикасының жалпы әкімшілік құқығы» атты кітабының тұсауы кесілді. Туынды авторы — заң ғылымдарының докторы Роман Мельник. Салтанатты шара еліміздегі белді оқу орындарының бірі MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY өтті, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо баспасөз хабарламаға сілтеме жасап.

Іс-шарада автор Роман Мельник хабарлама жасап, жиын қатысушыларын жаңа еңбегінің мазмұны және негізгі ережелерін таныстырды. Үш томдық оқулықта Қазақстан Республикасының жалпы әкімшілік құқығының негізгі ережелері көрсетіліп, құқық қолдану практикасына баса назар аударылған. Тарихи, халықаралық және ұлттық тәжірибе ерекшеліктерінің объективі арқылы жекелеген әкімшілік-құқықтық нормалары мен институттары жан-жақты талданыпты.

Жиында университет проректоры Сергей Пен ұжым үшін  бұл форматтағы оқулықтың маңыздылығын айтып, алдағы уақытта профессор Мүслім Хасеновтың еңбек құқығы бойынша туындының тұсаукесерін жариялады.

«Бүгін біз өзіміздің көзқарасымыз бен түсінігімізді сәл өзгертіп, кітап шығару тәжірибемізді қайта жандандырдық. MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY брендімен жұртшылыққа жол тартатын туындылар өз ісінің этикасының жоғары деңгейімен толықтырылады. Осы ретте біз заң ғылымының жаңа бір тынысын аштық дей аламын», — деді ол.

Кітап заң бағытындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне, заң саласының өкілдеріне, сондай-ақ әкімшілік құқықтық мәселелерді зерттеумен айналысатын ғалымдарға арналған.