Журналисттің өзге қыры…

Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай ел экономикасының ілгерілеуіне тек іргелі ірі кәсіпорындар ғана емес, шағын және орта бизнес субьектілерінің де қосар үлесі қомақты. Сондықтан мемлекет тарапынан қашанда өз ісін бастауға ниетті халық қолдау шараларынан шет қалмау керек деп айтқанындай бүгінде еліміз бойынша мемлекеттің қолдауын пайдаланып, өз ісін бастаған азаматтардың қатары жылдан — жылға көбейіп келетіні көңіл қуантады. Бүгін біз жазбақ кейіпкеріміз Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғыны, Бастау Бизнес жобасының түлегі, көп балалы ана Сұлтанғазиева Қарлығаш Тұрғалбекқызы мамандығы қалам ұстаған журналист болсада өзін басқа қырынан сынап көргісі кеп мемлекеттен берілетін 5 млн — ға дейінгі қайтарымсыз грант арқылы өзі тұратын жерде қамырдан 20 түрлі өнім өндіретін жартылай фабрикаттар өндірісімен айналысатын шағын цехын ашты. Ағымдағы ақпан айының 15 жұлдызы күні Алматы облысы Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының «Жобаларды сүйемелдеу» бөлімінің эксперті Константинова Елена арнайы барып кәсіп иесінің тыныс – тіршілігімен танысып қайтты.

Қарлығаш Тұрғалбекқызының айтуынша:

«Күнделікті өзім тұратын жердегі дүкенге барғанда қажетті тауарлар нарығын зерттеу кезінде тұрғындардың консерванттарсыз, мұздатылған жартылай фабрикаттарға сұраныс барын байқап мемлекеттің қолдауының арқасында шағын цехымды аштым. Үнемі нарықтағы сұранысты зерттеп отырамын, өз тұтынушыларымның тілектері мен ұсыныстарын ескеремін, мұның өзі өнімдерді сатудың тұрақты өсімін қамтамасыз етеді», — десе.

Облыстық Кәсіпкерлер Палатасының эксперті Елена Константинова:

«Бүгінгі кейіпкеріміз Қарлығаштың алда өндірісті кеңейтіп етті қайта өңдейтін, буып-түйетін материалдар алумен қатар, қосымша тағы тұрақты жұмыс орынын ашам деген орасан зор жоспарлары бар. Егерде кәсіп ашуды немесе кеңейтуді ұйғарсаңыздар келіп жергілікті кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінсеңіздер болады. Орталықтағы біздің кеңесшілер сіздерге кәсіптеріңізге қажетті қаражатты қалай және қайдан алуға болтыны жайлы толық ақпаратты тегін береді. Жұмыссыздықты желеу етіп екі қолды бос қусырып жүрмей қорықпай мемлекеттің қолдауын пайдаланып кәсіп бастасаңыздар болады», — деді.

                                                          Қобланды Абенов