PUBLIC LECTURE: Жаһандық сын-қатерлер кезінде заңға негізделген әлемді құру

«M.Narikbayev Public lecture» жоба аясындағы кезекті дәріс өткізіледі.

Тақырып: «Жаһандық сын-қатерлер кезінде заңға негізделген әлемді құру».

Дәріс оқушы: Мохамед Махмуд Абделсалам — Бейбітшілік пен конфессияаралық диалогты ілгерілету жөніндегі халықаралық мұсылман ұйымы — Мұсылман ақсақалдар кеңесінің (БАӘ) бас хатшысы. 2019 жылдың ақпан айында Абу-Дабиде Рим Папасы Франциск пен Ұлы имам Шейх Әл-Азхара Ахмад ат-Тайиб қол қойған жалпыадамзаттық бауырластық туралы Декларацияны қабылдауда Абделсалам мырза маңызды рөл атқарды.

Судья Абделсалам бейбітшілік идеяларын ілгерілету, бірге өмір сүру мәдениетін тарату, толеранттылық пен тату көршілік әдістерімен бөліседі.

Өткізу күні мен уақыты: 11 қараша 2022 ж. сағат 11:00

Өту орны: Астана қаласы, Корғалжын тас жолы, 8, КАЗГЮУ Университеті, 4 қабат, Sheikh Zayed Bin Sultan Al Nahyan Lecture room, 401.