Димаштың ата-анасы: Білімі жоқ адамдардың сынағаны біз үшін қорқынышты емес

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ұлының әншілік өнеріне қатысты өз ойын “Қарақатпен шай” бағдарламасында айтты. 

«Жалпы адам туралы пікір айтқан кезде, сіздің айтқан пікіріңіз ол адамның қандай екенін емес, өзінің деңгейіңіздің қандай екенін айқындайды», деп қысқа қайырды Димаштың әкесі.

Ал Света Айтбаева өз пікірін толық әрі ашық жеткізді.

«Егер ұлымның дауысына қатысты, дауыс мүмкіндігіне, диапазонына, дауыс аппаратына қатысты бір сауатты пікір айтатын адам болса сол жерде…

Мысалы, вокалдық методиканың майын ішкен мұғалім болса немесе мықты әншілер Майра Мұхамедқызы, Бибігүл апамыз, Әлібек ағамыз секілді шеберлер Димаштың дауысына сын пікір айтса, онда біз байбалам салып қорыққан болар едік. Ал білімі жоқ адамдардың сынағаны біз үшін қорқынышты емес», — деді Света Айтбаева.

Ozgeris.info порталы