Елбасы жас суретшілермен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Балалардың көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО клубы оқушыларының шығармашылық жұмыстары қойылған көрмеге барды. Бұл туралы elbasy.kz жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Елбасы «Менің Қазақстаным – менің жерім» атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында Тұңғыш Президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады.

Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге қатысушы жас суретшілермен сөйлесіп, музейдің тақырыптық залдарындағы жаңа экспонаттармен танысты»,– делінген хабарламада.